Ақтөбе қ. «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

09130100 «Мейіргер ісі»

• Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» • Оқу мерзімі: – 9 сын: 3 жыл 10 ай. – 11 сын: 2 жыл 10 ай.

«Мейіргер ісі» мамандығы денсаулық сақтау саласына білікті, кәсіби мейіргерлерді даярлауға бағытталған. Студенттер пациенттерге күтім көрсету, алғашқы медициналық көмек көрсету, алдын алу шараларын ұйымдастыру және клиникалық дағдыларды меңгеру сияқты негізгі білім мен тәжірибені игереді. Түлектер медицина ұйымдарының түрлі бөлімдерінде жұмыс істеуге дайын болады.

09120100 «Емдеу ісі»

• Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер» • Оқу мерзімі: – 9 сын: 3 жыл 10 ай. – 11 сын: 2 жыл 10 ай.

«Емдеу ісі» мамандығы диагностикалау, емдеу және пациенттерге медициналық көмек көрсету саласында жұмыс істей алатын орта буын медицина мамандарын даярлайды. Студенттер клиникалық пәндер, алғашқы медициналық көмек, емдік шараларды орындау және пациенттерді бақылау бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Түлектер емдеу мекемелерінің түрлі бөлімшелерінде жұмыс істей алады.

 
 

По специальности «Медицинское дело» готовят медицинских специалистов среднего поколения, способных работать в области диагностики, лечения и оказания медицинской помощи пациентам. Студенты приобретают глубокие теоретические знания и практические навыки по клиническим предметам, оказанию первой помощи, проведению лечебных мероприятий и наблюдению за больными. Выпускники могут работать в различных подразделениях медицинских учреждений.

 

09130200 «Акушерлік іс»

Біліктілігі: 4S09130201 «Акушер» Оқу мерзімі: – 11 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай.

«Акушерлік іс» мамандығы әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдерінде кәсіби көмек көрсете алатын акушер мамандарын даярлайды. Студенттер ана мен бала денсаулығын қорғау, қауіпсіз босануды жүргізу, жаңа туған нәрестеге күтім жасау және профилактикалық шараларды ұйымдастыру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Түлектер перзентханаларда, емханаларда және медициналық орталықтарда жұмыс істей алады.

09160100 «Фармация»

Біліктілігі: 4S09130201 «Фармация» *Оқу мерзімі:* – 11 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай.**

«Фармация» мамандығы дәрілік заттарды дайындау, сақтау, сату және қолдану бойынша кәсіби мамандарды даярлайды. Студенттер фармакология, фармацевтикалық технология, дәрілік нысандарды әзірлеу, рецепттермен жұмыс істеу және пациенттерге кеңес беру сияқты негізгі теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Түлектер дәріханаларда, медициналық орталықтарда және фармацевтикалық компанияларда жұмыс істей алады.

09130100 – «Мейіргер ісі»

• Біліктілігі: 5AB09130101 – «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» • Оқу мерзімі: – 3 жыл, 6 ай – жалпы орта білім беру немесе техникалық және кәсіптік білім беру негізінде • – 1 жыл, 6 ай – 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибедегі мейіргер», мамандандырылған мейіргер» біліктілігімен немесе 0301000 «Емдеу ісі» «Фельдшер» біліктілігімен, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты және үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар техникалық және кәсіптік білім беру негізінде.

«Мейіргер ісі» мамандығы қолданбалы бакалавр деңгейінде пациенттерге кәсіби күтім көрсету, алғашқы медициналық көмек көрсету және клиникалық дағдыларды игеру қабілеті бар мейіргерлерді даярлауға бағытталған. Студенттер теориялық білім мен практикалық тәжірибені меңгеріп, денсаулық сақтау ұйымдарының әртүрлі бөлімдерінде жұмыс істеуге дайындалады.