Мансап орталығының директоры Шалқар ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Мансап орталығының директоры Жандосов Шалғынбай Өтегенұлы Шалқар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Мамандықтар» форумына қатысты.

Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.