Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

Ағымдағы жылдың 14 маусым күні медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Айтулы күнге орай медицина саласына еңбегі сіңген ақ халатты абзал жандар денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Ең қымбат байлық – денсаулық. Ал өзінің ғана емес, өзгенің де тәні мен жан саулығына қамқорлық жасап жүретін – ақ халатты абзал жандар. Маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтеді. Ал бүгінгі салтанатты жиында медицина саласында қызмет етіп жүрген мамандар колледж Бас директоры мен «Өрлеу» БАО-ның алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шарада колледж директоры Манет Нурмаганбетова медицина қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Бұл мерекеде ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетіледі. Себебі Сіздер халықтың денсаулығын жақсартып, ұлт сапасын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Баршаңызға аудан халқының денсаулығын нығайтуға және медицина саласының дамуына қосқан айрықша үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін!, – деді колледж директоры.

Мерекелік шара барысында медицина саласында қызмет етіп жүрген мамандар құрмет төрінен көрінді. Әрі қарай шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.