🔹«Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС студенттік ғылыми қоғамының 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 23 ақпан Халықаралық оталық (операциялық) медбике күніне орай «Жаңа форматтағы мейіргер» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік байқауы өтетінін хабарлайды.
🏢Байқау ұйымдастырушысы «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС мен «Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы» КММ.
💬Байқаудың мақсаты:
Медициналық ұйымдарда науқастарға күтім жасау және санитарлық – эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту және тереңдету.
Байқаудың міндеттері:
— білім алушылардың зерттеу дағдылары бойынша игерілген кәсіби құзіреттілігін көрсету;
— білім алушылардың оқу процесінде алған кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау және оны одан әрі жетілдіру.
🔸Байқауға «Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1-2 курс білім алушылары қатыса алады.
Байқауға қатысу тегін. Байқау 2024 жылдың 23 ақпанында өтеді.
📍Қатысуға өтінімдер мен топты таныстыру бейнематериалы ұйымның электрондық мекенжайына college-abuk01@mail.ru байқау бағдарламасын құру үшін 2024 жылдың 16 ақпанына дейін қабылданады. Жарияланған мерзімнен кейін жіберілген жұмыстар қарастырылмайды.
🧑🏻⚕️Байқау демеушісі: @medicinskii_mir медициналық киімдер дүкені.
📲Толық ақпарат: +7 (705) 283 9694 Мадина Өмірзаққызы.