«МЕЙІРГЕР ІСІ», «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 01 ақпан күні 2023-2024 оқу жылына 09130100 «Мейіргер ісі», 09160100 «Фармация» мамандығы бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырысы өтті.

Комиссия құрамына М.С.Нурмаганбетова — колледж директоры, комиссия төрайымы; Е.А.Сейтенов – директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары, Г.Е.Қаршығина — директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Ж.Т.Жубанова – директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары, Р.Ж.Өмірзақ – «Мейіргер ісі, Фармация» бөлімінің меңгерушісі, Т.Б.Агатаева — «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі, А.Н.Урумбаева — бас есепші, М.Б.Аренова – әлеуметтік педагог, Г.М.Конакова — әдістемелік бөлімінің басшысы төрелік етті. Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 12 (он екі) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Комиссия шешімімен «Мейіргер ісі» (9 кл) 2 курс босаған білім гранты Исламова Айжан Көркешқызы (GPA 3,80), «Мейіргер ісі» (11 кл) 2 курс босаған білім гранты Өсер Ақнұр (GPA 3.72), «Фармация» мамандығы бойынша босаған білім гранты Джантулиева Фатима (GPA 2,98) дауыс берудің басым бөлігімен (комиссия мүшелерінің 9-ы «жақтады») бос білім гранты тағайындалды.