«Мейіргер ісі» мамандығының студенттерімен «Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойыны өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында 2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстан тәуелсіздігі күніне орай 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушыларымен «Не? Қайда? Қашан?» викториналық ойыны өткізілді.
Викториналық ойынның мақсаты: қатысушылардың жан-жақты ойлау қабілетін ескере оырып, білім меңгеруін кеңейте түсу. Шебер сөйлеу, ой танымын жасай алу, шешім қабылдай алу, есте сақтау қиялдау сияқты қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа, әдептілікке, білімділікке, алғырлыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.