2023 жылдың 8 қарашасында Баишев атындағы жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында эссе конкурсы өткізілді.
Конкурсқа № 227 «Мейіргер ісі» және № 231 «Фармация» топтарының білім алушылары қатысты. Конкурстың мақсаты: зияткерлік, шығармашылық, тұлғалық даму негізі ретінде оқуға қолдау көрсету; кітаптың және оқудың мәртебесін арттыру. Білім алушыларды тек жүйелі оқуға ғана емес, сондай-ақ оқылған кітаптарды талдауға және өз пікірін сауатты білдіруге баулу. Конкурсқа қатысушылар өзінің есінде қалған және ұнатқан кітаптарына эсселер жазды.
Бүгінгі таңда еліміздің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Олай болса, біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болуы керек. Ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан.
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл-ой бастаушысы. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Білім мен рухани байлықтың көзі де – кітап.