“Менің қалам, сенің атауыңда тұрған не бар?” танымдық- тәрбиелік тақырыбындағы викториналық ойындар ұйымдастырылды.

2024 жылдың 12 қаңтарында Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Менің қалам, (ауданым, ауылым) сенің атауыңда тұрған не бар?” танымдық- тәрбиелік тақырыбындағы викториналық ойындар ұйымдастырылды. Іс шараға №112 ,№113, №122 «Емдеу ісі» топтарының студенттері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты: студенттерді ой мен логиканың көмегімен туған жерді танып білуге шақыру.

Шара барысында студенттер қаламыздың көрікті жерлерін, ескерткіштерін берілген суреттердің көмегімен тауып, жерлес ақын- жазушылардың есімдерімен танысты. Ақтөбе өңірінің киелі жерлер тізіміне енген ескерткіштер туралы ақпарат берді.