«Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды.

2023 жылдың 11желтоқсанында Бопайханым жоғары медициналық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылды. Мақсаты отбасының рухани өмірінің маңызды факторы ретінде кітапты және оқуды насихаттау.
Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адам ақылпарасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.