«Менің үйімдегі кітап» конкурсы ұйымдастырылды.

Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің үйімдегі кітап» конкурсы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітаптың қысқаша түсінігін айта отырып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақты кітап оқуға баулу. Кітабы көп үй өзгеше сәнімен көз қызықтыратыны белгілі. Оқырмандар өздерінің үй кітапханасындағы кітаптарымен виртуалды түрде бөлісті.

1950 жылдарда Ақтөбе педагогика училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығын тамамдаған қазіргі таңда 90-ның үстіне шығып немере,шөбере сүйіп бақытты әже атанып отырған Бахатова Үрзия әжеміз осы күнге газет,журнал оқып шөберелеріне қызықты ертегілер айтып беріп отырады.