“Нашақорлық қоғам дерті ме?” атты кураторлық сабақ өтті

«Нашақорлық қоғам дерті ме?»
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі – 212 топ білім алушыларына арналған топ кураторы А.К.Шуйиншалинаның ұйымдастыруымен «Нашақорлық қоғам дерті ме?» атты кураторлық сабақ өткізілді.
Тәрбиелік сабақтың мақсаты:Жасөспірімдерді нашақорлықтан сақтандыру, зардаптарын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани-физикалық саулықты сақтау дағдысын меңгерту, есірткімен қүрес жолында белсенділікке шақыру, нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдердің уақытын тиімді ұйымдастыру. Кураторлық сабақ барысында болашақ дәрігерлер өздерінің білімдері мен ойларын ортаға салды, сабаққа белсене қатысты.