«Наурыз-жыл басы» колледж әкімшілігі облыстық шараға қатысты.

⚜️ Ақтөбеде Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді.

Ақтөбе қаласында және аумақтағы тұрғын алаптарда 22 алаңда Наурыз мерекесі тойланды. Қала әкімі Азамат Бекет өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге бірқатар алаңдарда болып, тұрғындарды құттықтады.

Оның ішінде негізгі мерекелік шара “Қазақ халқына мың алғыс” стелласы алаңында, орталық саябақта өтті. «Қазақ халқына мың алғыс» стелласында өткен шараға колледж әкімшілігі қатысып, арнайы киіз үйде қолөнер көрмелерін көрсетті.