Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Ағадан AQYL» спорттық жобасы болып өтті. Аталған шараға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның, буллингтің алдын алу, спорт пен пайдалы әдеттерге баулу. Сонымен қатар, тәжірибелі спортшылардың өмірлік тәжірибесін тыңдату арқылы студенттерге дұрыс бағыт-бағдар беру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және қоғамға пайдалы адам болуға шақыру.

