2024 жылдың14 қазанында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Ұлттық прозаның майталманы» «Оқу көшбасшысы» талдау сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақ прозасына қайталанбас өзгеше өрнек, ғажайып сыр – сипат әкелген дара жазушыны насихаттау арқылы оқырманның әдебиетке қызығушылығын арттыру. «Менің атым Қожа» шығармасының құдіреті.
Оқырмандарды кітапханаға тартуға, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, интеллектуалдық және рухани- адамгершілік дамыту, оқу құзыреттілігін дамыту, азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
№ 203 «Мейіргер ісі» тобының білім алушылары кураторы Бакитова А.Т. «Ұлттық прозаның майталманы» атты талдау сағатына қатысып, «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» шығармаларын талдап тапсырмаларды өте жақсы орындап, сабаққа белсене қатысты және көптеген жағымды эмоциялар алды.