2024 жылдың мамыр айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Оқуға құштар адам – табысты адам» кітапхана квилті ұйымдастырылды. Квилттің мақсаты: Білім алушыларды кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кітапханалық квилт – майда құрақ бөлшектерден тұратын ақпараттық стенд. Стендте тақырыпқа сәйкес ақпараттар ұсынылып, оқырмандар мәліметтермен танысып және оқыған шығармалары туралы өз пікірлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып бөлісті.
Кітап таңдап талғап оқи білу- оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.