«ОРТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында жұмыс берушілермен кездесу өткізді.

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні болашақ орта медициналық мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылау, білім беру сапасын арттыру және кәсіби іс — құзыреттерін дамыту мақсатында «ОРТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында жұмыс берушілер (тәлімгерлер, менторлар), серіктестері, индустриялық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде колледж директоры М.С.Нурмаганбетова алғыс сөз сөйлеп, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Т.Жубанова Колледждің медициналық мекемелермен ынтымақтастығы туралы баяндама жасады. Ал, Мансап орталығының директоры Ш.Ө.Жандосов түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтса, тәжірибе базаларындағы тәлімгерлер орта медициналық кадрларды даярлау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Келген қонақтарға бағдарлама бойынша:
1. Колледж бойынша танысу экскурсиясы (Симуляциялық орталық №1, № 2).
2. Білім алушылар мен тәжірибе базаларындағы тәлімгерлермен медициналық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесуі және тренингтер.
3. Жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру).
4. Шараға қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттау рәсімдері өтті.