⚡️Ағымдағы жылдың 06 маусым күні колледжімізде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста 2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие, өндірістік жұмыстары қорытындыланды.
🎯Колледж директоры М.С.Нурмаганбетова ата-аналарға оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануын айтып өтті. Студенттердің жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігіне тоқталды.
💬Колледждегі оқу жұмысының жүргізілуі туралы есепті оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Қаршығина берді. Тәрбие тұжырымдамасының орындалуын тәрбие орынбасары Д.А.Куанышбаев баяндады. Өндірістік жұмыстардың орындалуын Ж.Т.Жубанова айтты. Педагог-психолог А.С.Елубаева «Баланың ата-ана үшін рөлі» жөнінде баяндамасымен таныстырып, арнайы психологиялық тренингін өткізді.
🔹Сонымен қатар, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жетекшісі Д.С.Жиенгулова орталықтың жыл бойына атқарған жұмыстарына тоқталды. Шара соңында колледж директоры оқу орнының имиджін асқақтатуға атсалысқан белсенді студенттердің ата-аналарына алғыс хатын табыстады.
🔸Жиналысқа келген барлық ата-аналар өте жақсы белсене қатысты. Қорытындылау мақсатында ата-аналарымыз сөз алып, жиналысты аяқтады. Барлық қатысқан ата-аналарға колледж әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
🚀Білімді, әрі саналы ұрпақ тәрбиелеуден жалықпайық!