«Педагог этикасы мен имиджі» тақырыбында FLASH –инфо өтті.

«Біртұтас тәрбие жүйесі» ынтымақтастығы жобасы жоспарына сәйкес, бүгін Бопай ханым жоғары медициналық колледжі мен Баишев мектеп-лицейі педагогтері мен оқытушыларына Баишев университеті педагогтерінің бастамасымен педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуда инновациялық шешімдерді жетілдірудің тиімді тәсілдерін ұсыну арқылы заманауи жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру, жас мамандардың кәсіби және жеке қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Педагог этикасы мен имиджі» тақырыбында FLASH –инфо ұйымдастырылды.
Шара спикерлері: педагогика ғылымының кандидаты, доцент Көлбаева Бақыт Сағындыққызы мен РҺD доктор, доцент Майдангалиева Жұмагул Алдияровна имиджді қалыптастыру процесі және педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығы мен педагог бейнесі балалардың есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалуы үшін педагогтердің тартымды бейнесінің маңыздылығы туралы кеңінен тоқталып өтті.
«Егер кез келген педагог қызметіне ынта-ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп ізденіп , еңбектенсе, өз пәнін жақсы біліп, оқытудың әдістемесін меңгерсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра отырып, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алары сөзсіз» -деген пайымдаумен шара соңында
қатынасушылар тың ақпараттар үшін алғыстарын білдіріп, ұсыныстарын айтты.