Қ.Жұбанов атындағы Өңірлік университетінде “Цифрлық Таза Қазақстан” форумы өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы болып өтті.
Форумның мақсаты – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының маңызын терең түсінуіне ықпал ету және қоршаған ортаны қорғауға саналы көзқарас қалыптастыру болып табылады.Сонымен қатар, форум аясында жастарды цифрлық технологияларды экологиялық бағытта тиімді қолдануға баулу, экология саласындағы инновациялық жобалар мен тың идеяларды таныстыру және оларды жүзеге асыруын ынталандыру көзделеді.
Форумға колледждің «Ел мұра» экологиялық клубының жетекшісі Г.С.Бактыбердина мен клуб мүшелері белсене қатысты.