«Қалам сынағы» байқау

Оқуға құштар колледж” жоба аясында   «Мейіргер ісі» мамандығының  101,102 топ, және «Емдеу ісі» 114 топ  білім алушыларының  қатысуымен «Қалам сынағы»  әдеби центон байқауы өтті. Әдеби центон  Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясымен ұштастырылды. Шараға    2025 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау барысында қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылдады. Проза жанры бойынша көпшілік дауыспен ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын оқу ұсынылды. Поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін  Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары таңдалды. 

Шараға директордың ОӘЖЖ орынбасары Ж.Т.Исимова және әдіскер М.Ж.Кенжебекова қатысып, білім алушылардың жұмыстарын бағалап, өз шешімдерін жариялады. Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.