«Қарттарын қадірлеген ел ардақты…» атты қарттармен кездесу концерті өткізілді.

Қазан айында «Ашық жүрек» еріктілер клубы мен «Мейіргер ісі» 207 топпен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты…» атты қарттармен кездесу концерті өткізілді. Концерт Ақтөбе қаласындағы Қарттар үйінде болды.

Мақсаты: Қаламыздың қарттарына ерекше сезім ұялатып, жақсы көңіл күй сыйлау. Барынша қолдау көрсетіп, ол жандардың қоғамдағы ерекше орны туралы ұқтырып, қолымыздан келген әрдайым көмекке дайын екенімізді көрсету.