«Қауіпсіздік басты міндет» тақырыбында біріңғай топ сағаттары өткізілді.

Ағымдағы 05 наурыз күні «Жол ережесін білесің бе?», «Қауіпсіздік басты міндет» тақырыбында 1-4 курс білім алушыларымен куратор сағаты өткізілді.

Куратор сағатында сондай-ақ жол белгілері мен ережелерін үнемі сақтап жүру бойынша кеңестер де айтылып, таныстырылды. Жасөспірімдерді жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға уйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру ,жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру көзделді.Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік деп білім алушыларға толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.