2024 жылдың 13 қыркүйегі күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасы негізінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, хирург, Ардагер ұстаз, «Абзал жандар» клубының жетекшісі, Ақтөбе облысының «Шолпы» қоғамдық қорының мүшесі, Есенғазы Нұрлан Ізденұлы арнайы шақырылып, оқырмандарға «Қазақтың батыр қызы- Бопай ханым» тақырыбында кітапханалық журфикс өткізілді.
Кеш барысында Нұрлан Ізденұлы оқырмандарға Бопай ханым туралы көптеген тарихи маңызды мағлұматтар берді.
Бәйішев жоғары медициналық колледждің атын Бопай ханымға берді.Ата-бабамызды сан ғасырлар бойы ізгілікке тәрбиелеген ұлттық дәстүріміз келер ұрпақ үшін де мың жылға жетерлік рухани азық болмақ. Алайда жоғалғанымыз көбеймесін десек, «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең,қызыңды тәрбиеле» деген ұлттық ұстанымды берік ұстайық деген мақсатта Бәйішев жоғары медициналық колледжінің атын Бопай ханым деп өзгертуінде үлкен мән жатыр.