Ағымдағы жылдың 01 қыркүйек күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне Білім күніне арналған «Қош келдің, студент!» тақырыбында салтанатты шара өтті.
Шарада, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Е.Қаршығина алғы сөз алып жаңа оқу жылында атқарылатын оқу жұмыстарына қысқаша тоқталды. Ақтөбе қаласының Астана аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторы К.Днимов студенттер мен ата-аналарға «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық», «Жол жүру қауіпсіздігін сақтау» және «Буллинг және кибербуллинг» пен Түнгі қаладағы балалар қауіпсіздігі тақырыбында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.