Құттықтаймыз! Колледж студенті «БЕС АНЫҚ» облыстық жас тілшілер байқауында «Шебер тіл байлық» аталымының иегері атанды.

Жас оқырмандар санын арттыру, жастарды газет-журнал, кітап оқуға ынталандыру, қазақ басылымын насихаттау, «Қазақ әдебиеті» газетінің қоғамдық маңызын насихаттау мен кең қолдау мақсатында Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығына орай «БЕС АНЫҚ» облыстық жас тілшілер байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Д.А.Куанышбаевтың жетекшілігімен «Емдеу ісі» мамандығының 110 топ студенті Мұсабек Қарақат «БАҚ-тың адам өміріңдегі маңызы» тақырыбымен өз мақаласын ұсынып қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша «Шебер тіл байлық» аталымының иегері атанды.