Құттықтаймыз! Колледж студенттері қалалық Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталды

6 қараша күні Ақтөбе жастары орталығының басшысы @nursultanqazihanuly орталық тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларына ат салысқан Баишев жоғары медициналық колледжінің белсенді жастарын марапаттады.

Ақтөбе қаласында жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесіңіз бен қоғам өміріне белсенді атсалысып, әрқашан игілікті істін ұйтқысы болғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, — деді орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков.

Шара соңында орталық басшысы белсенді жастарға орталық атынан арнайы алғыс хаттар табыстап, жастардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

@aqtobejastary