«Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сыр сұқбат өткізілді.

Баишев білім корпорациясына қарасты Баишев университеті , Бопай ханым жоғары медициналық колледжі білім алушылары мен Баишев мектеп-лицейі оқушылары арасында тәрбие жұмысын біртұтас жүйелендіру мақсатында «Біртұтас тәрбие жүйесі» ынтымақтастығы жобасы қабылданған болатын.

Жоба жоспарына сәйкес , бүгін университет қыз балаларына колледждің білікті мамандары мен білім алушыларының қатысуымен қыз балаға гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету, өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты қыз болып өсуге баулу мақсатында «Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында сыр сұқбат өткізілді.

Шара спикерлері: Абдильдаева Гульбарам Латиевна – жоғары категориялы акушер-гинеколог, жоғары категориялы оқытушы, Жубанова Жаңылсын Тағыбергеновна-директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Сагындыкова Лязат Сагындыковна- педагогика ғылымының магистрі , «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі, акушерлік іс мамандығы бойынша колледж білім алушылары — Ғасырбекқызы Құндыз, Серікқали Айым- қыздармен пікір алмаса отырып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

@birtutas_tarbie2024 @birtutas_tarbie_aqtobe