1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.
Көрменің мақсаты – жастарға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру
Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы»т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылды.