ЖШС «БОПАЙ ХАНЫМ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» |
ТОО «БОПАЙ ХАНЫМ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ» |
|
Педагогикалық кеңес отырысында қаралды Хаттама __4__ «25» _01_ 2024 ж |
САПА АЙМАҒЫНДАҒЫ САЯСАТ
«Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС – орта буын кадрларын даярлауды жүзеге асырып келе жатқан Ақтөбе облысындағы техникалық және кәсіптік білім беретін жеке меншік білім беру мекемесі.
Колледж миссиясы: Жаңа инновациялық технологиялар арқылы сапалы білім беру қызметтерін ұсыну және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз кәсібін жетік меңгерген, құзыретті, ерекше ойлайтын, әлеуметтік және кәсіби дағдылары, ұлттық рухы бар, қоғамда өз орнын таба алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Пайымдауы: Тұлғаның оқу-әдістемелік, ғылыми, шығармашылық әлеуетін дамыту және Қазақстанның коммуникативтік–ақпараттық жағдайында медициналық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы инновациялық үдерістер орталығын құру.
Стратегиялық мақсат: Орта кәсіптік буындағы медициналық мамандықтар бойынша білім беру саласындағы инновациялық тәсілді және тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту.
Колледждің стратегиялық даму бағыттары: Орта арнаулы кәсіптік білім беру жүйесінің тәжірибесін жинақтау және одан әрі жетілдіру, өзін-өзі бағалауды қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологияларды енгізу есебінен білім беру процесінің барлық компоненттерін сапалы жаңа деңгейге көтеру, бұл жаңа білім беру қызметтерін алу үшін міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.
«Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС басшылығы сапа аймағындағы менеджмент қағидаларына өзінің адалдығын растау мен үлгі көрсету және сапа аймағындағы жарияланған саясатты іске асыру үшін жауапты.