«Студенттер арасында құқықбұзушылық тудыратын жағдайлар және оның алдын-алу» тақырыбында полиция инспекторларымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні «Студенттер арасында құқық бұзушылық тудыратын жағдайлар және оның алдын-алу» тақырыбында Астана ауданы, №2 ҚПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік аға инспекторы, полиция майоры М.М. Асылбекова және жедел уәкіл, полиция капитандары М.А.Мырзабеков пен С.М.Талгатбектің қатысуымен ашық шара өтті.

«Жастар оның ішінде ер балдар әртүрлі келеңсіз жағдайларға ұшырап жатыр. Бүгін сіздерді кең ауқымды тақырыпты талқылау мақсатында жинап отырмыз. Қазіргі кезде ақша сұрау, қорқыту, топпен жиналып, төбелеске шығу – ербалдардың үрдісі сияқты. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында және колледждерде орын алған жағымсыз жағдайлардан бәріміз хабардамыз. Ойланбай жасалған нәрсенің, арты жамандыққа ұшырайтындығын да білеміз.
Жымқыру, қылмыстық құқықта – мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ, бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу.

Кез келген материалдық құндылықтар (ақша, зат, тауар, шикізат, т.б.) жымқыру заты болуы мүмкін. Тәсілдеріне қарай жымқыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде мынадай түрлерге бөлінеді:

ұрлық – біреудің мүлкін көрсетпей жымқыру,
алаяқтық – алдау, сенімге ену жолымен біреудің мүлкін жымқыру,
тонау – біреудің мүлкін ашық жымқыру, иемденіп кету немесе талан-таражға салу – біреудің өзіне сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру,
қарақшылық – біреудің мүлкін жымқыру мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен шабуыл жасап тартып алу,
қорқыту – біреудің мүлкін оған қоқан-лоққы жасау жолымен жымқыру.
Сондай-ақ, билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану,
бопсалау арқылы жымқыру түрлері де ұшырасады», – деді №2 ҚПБ Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік аға инспекторы, полиция майоры Асылбаева Мөлдір Муратбековна өз сөзінде.

@pdn_up.aktobe @polisia_aqtobe