СТУДЕНТТЕРГЕ «КАПИТАН БАЙТАСОВ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

10 желтоқсан күні Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттеріне патриоттық рухты арттыру мақсатында «Капитан Байтасов» отандық фильмі көрсетілді. Көрсетілім барысында студенттер фильм кейіпкері — 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында туған жерінің тыныштығы үшін өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі, қайсарлығы және қызметтік борышына адалдығы туралы тың мәлімет алды. Сонымен қатар, көрермендер батырдың ерлік жолы жөнінде өзара әсерлі пікірлерімен бөлісті. Шара соңында буллингтің және кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында қала прокуратурасы «Стоп буллинг: прокурормен тікелей байланыс» акциясын өткізді. Акция аясында қаладағы барлық білім беру ұйымдарында буллинг, қорқыту немесе өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы азаматтардың — әсіресе оқушылар мен жастардың — тез әрі құпия түрде хабарласуына арналған Ақтөбе қаласы прокуратурасының ақпараттық флаерлері орналастырылды. Колледжге орналастырылған QR код арқылы WhatsApp мессенджері арқылы прокурормен дереу байланысуға мүмкіндік беріледі. Шараға қатысқан құзырлы орган өкілдері: • Төлеуқызы Гүлімай, Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры; • Қойшыбаев Манарбек Әзбергенұлы, Ақтөбе облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры; • Жолдыбаева Нұргүл Мырзахановна, Ақтөбе облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы, полиция майоры. Шара жастардың құқықтық сауатын арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғам қауіпсіздігіне бейжай қарамауға бағытталды.