СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

🔹Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Жастар ісі жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өткізілді. Отырыста ағымдағы мәселелер мен «Студенттік кеңес» ұйымының жаңа президентін тағайындау ұсыныстары қаралды.

✅Студенттік кеңес президенті лауазымына «Мейіргер ісі» (мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры) мамандығы студенті Анварбеков Азиз Маратұлы тағайындалды. Ол, Ақтөбе қаласындағы М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебін @m.aryn_kkom тәмамдаған.

💬«Мен өз ұстанымым бойынша назар аударғым келетін негізгі мәселелер – колледж жарғысының орындалуын қадағалау, білім сапасын арттыруға жастар тарапынан қолдау көрсету, салауатты өмір салтын ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шаралар (байқаулар), сонымен қатар жаңашыл тың жобаларды қолға алу», – деді жаңадан тағайындалған президент Азиз Маратұлы.

🔸Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығында президент қызметін «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенті Берикова Орынай Бериковна атқарған болатын. Орынай Бериковнаға жасаған игі істеріне алғыс айтамыз!

🔹Тағайындалған Анварбеков Азиз Маратұлына жаңа бастамалар мен оң нәтижелер көрсетеді деген сеніммен сәттілік тілейміз!