«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы бейнеролик байқауы өткізілді.

26.02.2024-13.03.2024 аралығында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» тақырыбындағы бейнеролик байқауы өткізілді. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтап, нығыздау мақсатында өткізілген болатын.

Байқау қорытындысы бойынша Емдеу ісі-120 тобы I орынға, Емдеу ісі-121 тобы II орынға, Емдеу ісі-206 тобы III орынға ие болды. Емдеу ісі – 216 топ студенттері «Ең үздік сценарий», Емдеу ісі-113 топ студенттері «Ең үздік операторлық жұмыс» номинацияларына ие болды.