Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде оқушыларды мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау мақсатында «Талапкер-2024» тақырыбында кәсіби бағдару беру жұмысының отырысы өтті.
Отырыста, Бас директордың бұйрығымен бекітілген жауапты қызметкерлерді қала-облыс мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы ақпараттар мен түсіндірме жұмыстары айтылды.
Айта кетейік, колледж қызметкерлері 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында «Талапкер-2024» акциясы аясында қала мектептеріне түсіндіру жұмыстарымен баратын болады.