Skip to content

Тазалық — мәдениет айнасы!
Бопай ханым жоғары медициналық колледжі жатақханасында Өзін-өзі басқару студенттік парламентінің және тәрбиеші Ақмарал Ордабаевнаның ұйымдастыруымен қыркүйек-қазан айларының қорытындысы негізінде «Таза бөлме» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: жастардың бойына еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.Білім алушыларды тазалық денсаулық кепілі қағидасын ұстануға шақыру.
Акция қорытындысы негізінде үш қабатта орналасқан бөлмелер арасынан үш «Ең таза бөлме» анықталып марапатталды, бағалы ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Бұл үрдіс жатақхана тұрғындарына дәстүрлі түрде өтетін іс-шара ретінде жалғасын таппақ.