«Тазалық жаршысы» Республикалық экологиялық акциясы

“Қазақстан студенттерінің Альянсы” Республикалық студенттер қозғалысы ұйымдастырып жатырған «Тазалық жаршысы» — колледж студенттері арасында экологиялық сауаттылықты арттырып, нақты әрекетке ұластыруға бағытталған екі кезеңді республикалық бастама. Бастама аясында эко-сауаттылық бойынша тренингтер, экологиялық еріктілік акциялары өткізілуде.
“Тазалық жаршысы” Республикалық экологиялық акциясына “Ел Мұра” клубының жетекшісі Г. С. Бактыберлина мен клуб белсенділері қатысып, өздерінің экологиялық мәдениеттері мен экологиялық жоғары білімдерін көрсетті.

Акцияның мақсаты – колледж жастарының экологиялық мәдениетін көтеру, қалдықтарды басқару дағдыларын қалыптастыру және оқу орындары мен жергілікті қауымдастықтарда тұрақты «тазалық – саралау – қайта өңдеу» практикасын енгізу.# Тазалықжаршысы, #EcoJastar