Түлек алғысы Иванов Нұрзат Мырзабайұлы ЛФК нұсқаушысы

✨Сәлем, оқырман!
Бүгін біз жаңа эксклюзив «Түлек алғысы» айдарын жалғастырамыз. «Түлек алғысы» жобасы арқылы түлектеріміз студенттік өміріндегі қызықтары мен қазіргі таңдағы жұмысы туралы ақпараттармен бөлісетін болады.

👨🏻🎓Нұрзат Мырзабайұлы ИВАНОВ – «Мейіргер ісі» мамандығының 2021 жылғы түлегі:

🔸Сәлем, студент! Мен Баишев жоғары медициналық колледжінінің 2021 жылғы түлегімін. Оқу орнына 2017 жылдың 01 қыркүйегінде қабылдандым.

🔍Әр адам оқу бітіргеннен кейін өмірде таңдау жасайды. Мектеп бітіріп, осы колледжді таңдағаныма қуаныштымын. Өйткені мен өз жолымды таптым. Маған осы жолда көмектесіп, ақыл-кеңес бергендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Бұл колледж жан-жақты білім алып қана қоймай, мамандықты игеруге мүмкіндік берді және бұл мен үшін маңызды, өйткені мен әрқашан дамуға ұмтыламын.

🏢Колледжде студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, білікті ұстаздар білім беруде. Темірдей тәртіп пен білім сапасының арқасында ұстаздар өз ісін жетік білетін, ісіне жауапкершілікпен қарайтын шәкірттер дайындады. Колледж студенттерге арналған көптеген қоғамдық және мерекелік шараларды ұйымдастырады. Студенттік жылдарымда қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, студенттік кеңес ұйымының мүшелігінде болдым.

🚑Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласындағы Доктор Демеуованың «Erke-med» клиникасында Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы қызметін атқарудамын.

🔹Баршаңызға жылулық пен қамқорлық үшін шын жүректен алғыс айтамын. Менің өмірлік жолым медициналық колледжден басталғанына қуаныштымын, барлық талапкерлерге біздің колледжді ұсынғым келеді! Әркім өз арманына жетсін!