Түлек алғысы Сағындықұлы Нұрболат 103 фельдшері

✨Сәлем, оқырман!
Бүгін біз жаңа эксклюзив «Түлек алғысы» айдарын бастағалы отырмыз. «Түлек алғысы» жобасы арқылы түлектеріміз студенттік өміріндегі қызықтары мен қазіргі таңдағы жұмысы туралы ақпараттармен бөлісетін болады.

👨🏻‍🎓Нұрболат САҒЫНДЫҚҰЛЫ – «Емдеу ісі» мамандығының 2023 жылғы түлегі:

🔸Сәлем, студент! Мен Баишев жоғары медициналық колледжінінің 2023 жылғы түлегімін. Оқу орнына 2020 жылдың 01 қыркүйегінде қабылдандым. Оқумен қатар түрлі қоғамдық іс-шаралардың басы қасында болдым. 2 курсымда студенттік кеңес ұйымының мүшелігіне қосылып, жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді мүшесінде қызмет еттім.

🔹Бұл оқу орнының басқа оқу орындарынан ерекшелігі – мұнда қызықты студенттік өмір ғана емес, шын мәнінде жоғары білікті ұстаздар да бар. Осы ұстаздарымның белсенді қоғамдық жұмысы мен берген білімінің арқасында мен колледжді үздік бітірдім.

🔸Оқу орнымыздың атауының жаңашаланғанына шын жүрегіммен қуаныштымын. Колледжіміздің жылдан-жылға дамып, көркейіп келе жатқаны қуантады. Маман ретінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжін сапалы білім беретін, білікті мамандар даярлайтын оқу ордасы деп айта аламын.

🚑Қазіргі таңда, қыркүйек айынан бастап Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының №18 бригадасында «фельдшер» болып жұмыс жасаймын. Түрлі науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, халықтың алғысын алудамын.

🔸Болашаққа жол ашқан Бопай ханым жоғары медициналық колледжіне мың алғыс!

@dr.nurb0lat @kdm_bopaykhanym04