«ҮЗДІК ФАРМАЦЕВТ – 2023»

2023 жылдың 20 сәуірінде фармация бөлімінің түлектері арасынан «Үздік Фармацевт – 2023» анықталды.  Шара студенттік ғылыми қоғамның «Студенттік ғылым – ел ғылымының болашағы» атты ғылыми апталығының аясында өтті.

Шараның әділ қазылары ретінде «Желдорфармация» ЖШС бас директоры Құдайберген Елтекұлы, «Фарм Қазына» ЖШС өкілі Индира Рамазанқызы және ЦӘК аға оқытушылары болды.

«Үздік фармацевт» байқауы үш кезең бойынша өткізілді:

1-кезең – базалық пәндер бойынша студенттерді тестілеу түрінде өткен  іріктеу кезеңі. Оның барысында 3 жоғарғы нәтиже таңдалып, олар шараның келесі турларына өтті.

2 кезең – практикалық дағдыларды көрсету. Бұл турдың мәні тапсырмаларға сәйкес өз қабілеттеріңізді көрсету болып табылады: рецепт бойынша толық фармацевтикалық сараптама жүргізу, морфологиялық белгілері бойынша дәрілік өсімдік шикізатын анықтау және, бұл рецепт бойынша дәрілік форманы дайындау.

3-кезең – Үйге тапсырма. Тақырыптар бойынша эсселер мен презентациялар ұсыну.

Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Байқаудың жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және де жұмысқа алу жөнінде кепіл хаттармен марапатталды.

«Үздік фармацевт»- Зулханова Акмарал, 2-ші орын- Смагулова Нурида, 3-ші орын- Джанабилова Гульнар.