«ҮЗДІК ФЕЛЬДШЕР — 2023»

Баишев жоғары медициналық колледжі, «Адреналин» ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен 17-ші сәуір күні, сағат 14.00-де «Үздік фельдшер-2023» атты фельдшер студенттері арасында байқау өтті. «Үздік фельдшер — 2023» жеңімпазы арнай тапсырмалар бойынша анықталды. Студенттер өздерін таныстыру, жұмыс бағдарламасына сай теориялық сұрақтарға жауап беру және практикалық сабақтан дағдыларды жасап көрсету жарыстары бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы: Колледж директоры Нұрмағанбетова Мәнет Сағынғалиевна, Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің бас дәрігері Жанкулов Марат Хадрединович, Колледж студенттер ғылыми қоғам жеткешісі Махмутсұлтанғали Асқарұлы Өтесін өз бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.