«ҮЗДІК МЕЙІРГЕР – 2023»

2023 жылдың 21 сәуірінде мейіргер ісі бөлімінің арасынан «Үздік Мейіргер – 2023» анықталды. Шара студенттік ғылыми қоғамның «Студенттік ғылым – ел ғылымының болашағы» атты ғылыми апталығының аясында өтті.

Шараның әділ қазылары ретінде «Отбасылық медицина орталығы»  бас дәрігері С.Б. Данияров, Мейіргер ісі мамандығының Магистранты С.Г.Саденова «Маман және жұмыспен қамту орталығының»  директоры Ш.Ө.Жандосов және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Қаршығина, ЦӘК аға оқытушылары болды.

«Үздік мейіргер» байқауы үш кезең бойынша өткізілді:

  • 1-кезең – таныстыру және өз өнері.
  • 2 кезең – теориялық сұрақтар. Бұл турдың мәні сұрақтарға сәйкес өз қабілеттеріңізді көрсету болып табылады.
  • 3-кезең – симуляциялық тапсырма. Берілген тапсырмаға сәйкес алгоритмдерді көрсету.

Сайысқа 5 үміткер қатысты:

  1. Аманжолова Жангуль
  2. Қалидолла Мадина
  3. Жұмажанова Гүлсезім
  4. Сабанбай Айдана
  5. Кадирханова Айнур

Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Байқаудың жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және де жұмысқа алу жөнінде кепіл хаттармен марапатталды.

«Үздік мейіргер»- Жұмажанова Гүлсезім, 2-ші орын — Сабанбай Айдана, 3-ші орын- Аманжолова Жангуль. Қалған 2 қатысушымыз сертификаттармен марапатталды. Шара соңында ғылыми апталықтың жабылуы болды.