«Әке-асқар тау» тақырыбында «Ұлағат» әкелер клубының отырысы өтті.
«Әкелер кеңесінің» мақсаты — отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, педагогикалық ұжымға қолдау көрсету, тәрбиеленуші ұл балаларға әкелік қамқорлық танытып, «Әке –отбасының тірегі» екенін ұғындыру.
«Отан отбасынан» басталады. Отбасының қандай болатыны отағасына байланысты. Сондықтан әкенің абыройын арттырып, мерейін өсіретін шара қоғамға қажет. Әке — асқар тау. Бұл сөздің түбінде үлкен мағына бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдары отбасы құндылығы қоғамда әлсіреп барады. Колледжіміздің белсенді әкелері осы жайды дөп басып, әкелер кеңесін құруды ұсынып отыр.
Барша әкелерімізге белсенділік және сәттілік тілейміз.