«Ұлттық сезім» республикалық жобасы студенттер мен оқытушылар әр жұма сайын ұлттық киім киюге міндеттеледі

🔸Колледж Бас директоры Б.Аханның БҰЙРЫҒЫ:

💬ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты» деген сөзін негізге ала отырып, «Ұлттық сезім» ұлттық жобасы аясында аптаның әр жұма күндері (клиникалық,симмуляциялық сабақтарды есепке алмағанда) «Ұлттық киім» күні ретінде белгіленеді және сол күні ұлттық нақышты көрсететін киімді кию МІНДЕТТЕЛЕДІ.

⚜️Білім алушылар мен қызметкерлер жұма күні қазақ ұлттық киімінің атрибутикасы ретінде классикалық киім үлгісін сақтай отырып студенттер үшін:

• Қыз балалар – тақия, жакет (әшекей бұйымдардың тағуы міндетті емес);

• Ер балалар – тақия, жакет (шапан кию міндетті емес).

• Қызметкерлер үшін ұлттық ою бейнеленген жакет, ер адамдар үшін тақия.