«Ұят болады. Обал болады. Жаман болады.» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің конференц-залында қазақ ұлттық құндылықтары мен бабалар өсиетін студент жастар бойына сіңіру мақсатында «Ардагерлер кеңесінің» жоспарына сәйкес «Ұят болады, Обал болады, Жаман болады.» тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу өткізілді.

Кездесуге колледж директоры Манет Сағынғалиқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерболат Айткулович, Ардагер ұстаздар Гүлбану Ибраевна мен Мұса Бисенбайұлы тақырып бойынша өз ойларын айтты.

Кездесу соңы «Қолданбалы бакалавр» 128 топ студенттері Аңсар мен Азиздің «Мен қазақпын» әнімен аяқталды.