««Заманауи колледждің оң имиджін қалыптастыру» тәжірибесін тарату» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел

2023 жылғы 5 желтоқсанда «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ, Абай облысы бойынша Білім беру басқармасының ТжКБ бөлімінің облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, халықаралық ынтымақтастық аясында Ресейдің медициналық колледждерімен «Заманауи колледждің оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында онлайн-форматта халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: білім беру ұйымының қалыптасу механизмін жетілдіру негізінде оның оң имиджін арттыру үшін жағдай жасау бойынша тәжірибе алмасу.

Міндеті:

  1. Колледж жетістіктерінің нәтижелерімен таныстыру;
  2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының білім беру медициналық ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.

Осы іс-шараға «Арнайы пәндер 2» ЦӘК оқытушысы Абдильдаева К.Л. «Босану физиологиясы. Босану биомеханизмі, босану ағымы және басқару» тақырыбында мастер класс өткізді. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі, Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі, Көкшетау жоғары медицина колледжі, Омск медицина колледжі, Рубцовск медицина колледжі, Оренбург медицина колледжі, Тобольск медицина колледжі, Бийск медицина колледжі өздерінің жетістіктерімен және жұмыс нәтижелерімен бөлісті.