«Заң мен тәртіп»Қауіпсіз Қазақстан үшін
«Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде» «Заң мен тәртіп” қағидасы аясында колледж білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Облыстық мәслихат депутаты, «Қуаныш» клиникасының басшысы-дәрігер Р.А.Жалимбетова, “Aru Dental” тіс емханасының басшысы Гүльфайруз Сүндетовна, Облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының бөлім басшысы Н.Ж. Жалғасбаев, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция капитаны Н.К.Искалиев қатысты.
Іс-шараның мақсаты — қоғамда құқықтық сана мен мәдениет деңгейін арттыру, кез келген кұқықбұзушылыққа жол бермеу. Жастар арасында заңдарды, олардың міндеттерін түсіндіру арқылы құқықтық мәдениетті көтеру, қазіргі қоғамда адалдық, адамгершілік және құқықтық сана қағидаттарын нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың құқықтық көзқарасын кеңейтіп, қоғамдағы тәртіп пен әділдік қағидаттарын берік ұстануға ықпал етеді.Кездесу барысында білім алушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды, белсенділік танытты.

