«Заң мен тәртіп» Қауіпсіз Қазақстан үшін

«Заң мен тәртіп»
Қауіпсіз Қазақстан үшін

Бопай ханым жоғары медициналық колледжі жатақханасында «Заң мен тәртіп” қағидасы аясында жатақханада жатқан білім алушылармен Облыстық мәслихат депутаты, «Қуаныш» клиникасының басшысы-дәрігер Р.А.Жалимбетова, “Aru Dental” тіс емханасының басшысы Гүльфайруз Сүндетовна, Облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығының бөлім басшысы Н.Ж. Жалғасбаев форматтан тыс кездесу өткізді. Кездесу барысында қонақтар жатақханамен, жатақхана тұрғындарының жағдайымен танысып, білім алушылармен пікірлесті, қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік, психологиялық, құқықтық мәселелер туралы ой бөлісті.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді Қазақстандағы заңдарды қолдану тәжірибесімен таныстыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның, буллингтің алдын алу, спорт пен пайдалы әдеттерге баулу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.