Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні «Жалпы кәсіптік білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Д.А.Куанышбаевтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында «Қызық екен» интеллектуалды білім бәйгесі өтті.
Іс-шараның мақсаты: Студенттердің жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаздарды анықтау. Студенттердің өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру. Студенттердің өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сайысқа «Мейіргер ісі» 104 тобы мен «Емдеу ісі» 110 тобының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Сайыс нәтижесі бойынша «Мейіргер ісі» 104 тобы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға арнайы кубок және алғыс хаттар, дипломдар табысталды.