«Жаңа форматтағы мейіргер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік байқауы өтті.

🔸Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні Студенттік ғылыми қоғамының жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы мен Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа форматтағы мейіргер» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік байқауы өтті.

🔹Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.
1 – кезең «Мейіргердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі».
2 – кезең «Процедуралық дағдылар»
3 – кезең Капитандар сайысы «Бірінші хирургиялық өңдеу кезеңдері»

💬Байқауға Бопай ханым жоғары медициналық колледжі мен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледж студенттері қатысты.

🔰Байқау қатысушыларына қазылар алқасының төрайымы, колледж директоры доцент Нурмаганбетова Манет Сағынғалиқызы, Ақтөбе Облыстық жастар ресурстық орталығы Ақпараттық кеңес беру және NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Дуйсенбаев Иса-Бек Абайулы, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мейіргерлер ісінің штаттан тыс маманы Ділманова Бағдагүл Әбутәліпқызы және «Дару» клиникасының нейро реабилитациялық медбикесі Дусалиева Светлана Рахатовна мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің кафедра ассистенті Закирова Айнур Изатуллаевна төрелік етті.

🏆Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледж студенттері иеленді. І орынға Бопай ханым жоғары медициналық колледж студенттері ие болды.

🥇Ал Мухамбетсадық Фатима Оралбайқызы, Өтебаев Нұрайдар Рзағалиұлы, Сагинова Акерке Гадильбеккызы «Білгір мейіргер» номинациясымен марапатталды.

⚜️Жобаға демеушілік еткен «Медицинский мир» @medicinskii_mir медициналық киім дүкеніне шынайы ризашылығымызды білдіреміз!