Жас оқытушылар арасында «Жастар балы-2023» жұптық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай жас оқытушылар арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің жанынан құралған «Ашық жүрек» еріктілер клубының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «ЖАСТАР БАЛЫ-2023» жұптық байқауы өткізілді.

Байқауға, Жалпы білім беру, әлеуметтік- экономикалық пәндер» ЦӘК бірлестігі, «Жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘК бірлестігі және «Арнайы пәндер-1» ЦӘК бірлестігі мен «Әкімшілік» атынан жас оқытушылар жұптасып қатысып бақтарын сынады.

Сайыстың негізгі мақсаты оқу орынның Бопай ханым атауына өзгеруін кеңінен насихаттау, жастардың патриотизмін оятуға шақыру.

Байқау негізгі 5 кезеңнен тұрды.
1 кезең: «Таныстыру» еркін форматта.
2 кезең: «Сіз ұсынар жоба…» Колледж атауының «Бопай ханым» болып өзгеруінің бізге әкелер тәрбиелік мәні мен маңызын айқындады.
3 кезең: «Талантыңды шындай біл» өз-өнері кезеңі;
4 кезең: «Дефиле» ұлттық киімдер шеруі;
5 кезең: «Сұрақ-жауап» аты атап тұрғандай, қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен өңірден шыққан белді тұлғаларға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жобаға «As Nur Dent» Тіс емханасының директоры : Ищан Әсел Қуанышқызы @as_nur_dent , «Four Tour» туристік агенттігінің негізін қалаушы Аймұратұлы Еркебұлан @erkosh_04_region ,«Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы Табылғанов Жандос @amido_aktobe@izimov_studio фото студиясы, «Мerhaba» түрік тілі орталығының жетекшісі Қалдыбай Нұрсұлтан Мәуленұлы @merhaba_kazakhstan @nursultan_maulenuly , «Macho» ерлер салонының барбер маманы, контентмейкер Тапашев Даулет Максимович @barbershop.macho қатысып, демеушілік етті. Демеушілерімізге жобаға қолдау білдіргендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Қазылар алқасының шешімі бойынша, «Гран-при», Бурабай қаласына 100% жолдамаға «Әкімшілік» құрам атынан Өмірзақ Райымбек пен Шалқарбаева Жаңылсын ие болды. І орын, «As Nur Dent» Тіс емханасының қаржылай сертификаттарына «Арнайы пәндер-1» ЦӘК бірлестігі атынан Ихсан Бекет пен Алдонғарова Салтанат ие болды.

Ал, ІІ орын, «Merhaba» түрік тілі академиясының 100% жеңілдіктеріне «Жалпы кәсіптік пендер» ЦӘК бірлестігі атынан Мажен Ғасырбек пен Орынбайқызы Нұрайым иеленсе, ІІІ орын, «Macho» ерлер салонының сертификатына «Жалпы білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК бірлестігі атынан Кубашов Ерболат пен Асқарова Шынар иеленді.